Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанай облысының корей этномәдени бірлестігі корей халқының Жаңа жылы - Сольналь аясында тұңғыш рет ерекше байқау - Корей отбасылық күнін өткізеді.
«Сольналь – отбасылық мереке. Бұл күні кішілер үлкендерге өздерінің құрметі мен ізетін танытып, оларға барынша қамқорлық жасайды. Мерекеге қатысты көптеген дәстүрлер бар, біздің мақсатымыз – оларды насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сол себепті біз биыл корей отбасыларының ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, мәдениетін танытатын байқау өткізуді ұйғардық. Барлықтарыңызды байқауға қатысуға шақырамыз. Сіздерге арнаған сыйлықтарымыз да бар», – дейді корей қауымдастығы төрағасының орынбасары Ульяна Ким.
Отбасылар арасында өткізілетін байқаумен қатар, Қостанайда алғаш рет корейлік жұбайлардың неке қию рәсімі көрсетіледі, бұл үшін Астанадан арнайы қонақтар келеді. Сольналь мерекесін тойлау аясында К–РОР фестивалі, кәріс ұлттық музыкасының концерті өтеді, ұлттық тағамдардан дәм тату мүмкіндігі болады, корей халқының суши-кимпабын әзірлеуді үйретеді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі