Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай қаласында еврей кітабы фестивалі аясында оқушылар Борис Заходер мен Самуил Маршактың танымал туындыларынан қойылым қойды.
Облыстық Достық үйінде еврей қауымдастығының 25 жылдығына орай жыл сайынғы еврей кітабы фестивалі өтті.
Әдеби іс-шара 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Биылғы іс-шара Самуил Маршак пен Борис Заходер сынды балалар жазушыларының шығармашылығына арналды.
Облыстық Достық үйі және Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасы фестиваль аясында мектеп оқушылары арасында ең үздік театрландырылған қойылым байқауын өткізді.
Фестивальге №2 мектеп-лицейдің үшінші және төртінші сынып оқушыларынан құралған 7 команда қатысты.
Жүргізушілер ойын ұйымдастырып, мектеп оқушыларын жазушылардың шығармашылығымен таныстырды.
Б. Заходер балалардың сүйікті кейіпкері Винни Пухты орыс тілінде сөйлеткен болатын. Винни Пух Англияда дүниеге келгендіктен, тек ағылшын тілінде сөйлейтін.
Б. Заходер ағылшын тіліндегі барлық сөздерді орыс тіліне аударып, Винни пухтың басындағы үгінділерге, өлең шумақтарын, пысылдауық пен шуылдарды қосады.
Балалар Б. Заходердің жұмбақтарын шешіп, үтірлерді орны-орнына қойып, С. Маршақтың туындылары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, балалар Рената Муха сынды ақынның шығармашылығымен де танысты.
Оқушылар театр әлеміне бойлап, сахна төрінде Б. Заходер мен С. Маршактың ертегілері мен өлеңдеріне жан бітірді.
Әділқазылар алқасы өлеңді нақышына келтіріп орындаған Максим Авдеенконы байқау жеңімпазы деп таныды, ал қалған қатысушылар алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек