Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді«Қостанайда Ресейден келген төрт қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алған». WhatsApp мессенджерінде осындай ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат – фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған «факті» бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақпараттың анық-қанығын тексерушілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік