2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті орын алған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.
«Атап айтқанда, Kcell/Activ, Beeline, Altel/Теле2 операторлары тұрғындарға тегін ұялы байланыс трафиктерін жолдады. Осылайша өңір тұрғындары жақындарымен еш кедергісіз байланыс орната алады.
Бұдан бөлек, өрттерді сөндіруге жұмылдырылған шұғыл қызметтердің жұмысын қолдау барысында Tele2/Altel операторы ТЖМ қызметкерлерін байланыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді базалық станцияны орналастырды.
Қостанай облысының тұрғындарын өрт апаты салдары жойылғанша сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі біздің ведомствоның тікелей бақылауында. Біз отандастарымызға өз тарапымыздан қолдау көрсету бағытында тиісті шараларды жүзеге асырамыз», - делінген хабарламада.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс