Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қостанай полициясы жоғалған қызды іздеу шаралары жалғасып жатқанын айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Іздеу түні бойы жүргізілді. Жылу түсіргіш қолданылды. 33 гектар және 10 гектар екі жүгері алқабы, сондай-ақ екі картоп алқабы қаралды. Бүгін іздеу шараларына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен шекара әскерлері қосылды. Таң атқаннан бастап аумақты аралау жалғасуда, іздеу аймағы 100 гектардан асады. Қостанай облысының ПД іздестіруге қатысатын азаматтық тұлғалардың іс-қимылын үйлестіру қажеттілігін атап өтті. Барлық іс-қимылдарды Жамбыл ауылы әкімдігінде орналасқан жедел Штаб арқылы келісуді сұраймыз. Үйлестіруге арналған телефон 8 775 105 91 72», – делінген хабарламада.
Полицияда бұрынғыдай бейбіт тұрғындар тарапынан үлкен көмек көрсетілгенін айтады.
«Іздестіру іс-шараларын өткізу барысы туралы ақпарат әр сағат сайын берілетін болады», – деп атап өтті Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс