Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.
«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған.
Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс