1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚостанай облысының Орынбор казактарының қауымы жыл сайын Білім күні қарсаңында «Мектепке жол» атты іс-шара өткізеді, биыл бұл дәстүр 6-шы рет жалғасын тапты.
Қауым мүшелері - ересектер мен балалар - «Сосновый бор» шипажайына жақын ормандағы экстрим-саябағында жиналды – ұзын саны 40 адам.
Іс-шара ең бастысы бірлестіктің кішкентай мүшелері – 1-3 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларды құттықтап, ата-аналарымен бірлесіп мектеп рюкзактары, кеңсе тауарлары, мектеп заттарынан сыйлық дайындалады.
Спорт пен демалысты қатар алып жүру үшін іс-шара әдейілеп табиғат аясында өткізіледі.
Іс-шара салтанатты қатар құрумен басталды. Одан кейін төменгі сынып оқушылары «Қазына аралына саяхат» ойнауға кірісті. Оның әрбір кезеңінде балалар жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап беріп, қазынаға жетті.
«1 қыркүйек таңы» қызықты эстафетасында қатысушылар екі топқа бөлініп, жылдамдыққа балаларды мектепке киіндірді.
«Әнді тауып, айт» музыкалық викторинасының шарты бойынша қатысушылар алдымен сипаттау, ал кейін үзінді бойынша ән атауын табуға тиісті еді.
Балалар өздерін экстремалды жолдардан өтіп, сынасты. Олар барлық кедергілерден сүрінбей өтті.
Мереке шай ішумен және мектепке арналған сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?