Өскеменге бара жатқан моңғолиялық 11 бала мен 2 ересек адам эвакуацияланды

15 Ақпан, 08:05 953

Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы эвакуацияланды. Олардың 11-і балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құтқарушыларға 14 ақпан сағат 17:10-да Қалбатау ауылынан шығаберісте спортшылары бар Газель тоқтап қалғаны туралы хабар келіп түскен. Автокөлікті жылыту пунктіне жеткізу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған.

ТЖМ мәліметінше, олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқан Моңғолияның азаматтары.

Шақыру орнына келгеннен кейін Жарма ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қайрат Тілеуғазин және бас маман Дидар Зейнолдин спортшыларды Жаңаөзенге дейін ертіп, жылыту пунктіне орналастырды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: