Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨскеменде белгілі спортшы, жаттықтырушы ұстаз күн суықта жерлестерін тегін тасып жүр. Тіпті ол көлігіне "тегін такси" деп те жазып қойған, деп хабарлайды Altaynews-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада ШҚО-да басталған аяз халықты біраз әбігерге салды. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа жеткенше жұрт жаурап қалып жатты. Осындайда халыққа қол ұшын созар қайырымды жандар бар екенін ел көрді.
Бірнеше күннен бері адамдарды тегін тасып жүрмін. "Тегін такси" деп жазып қойдым. Сонда да кейбір тұрғындар отырмай, тартыншақтайды. Кісілерді Ахмер, Согра, Қайсенов кенті сияқты қаланың шет аудандарынан тасимын, – дейді «Гір» көтерудің чемпионы Сұлтан Амантайұлы.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар