Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Өскемендік өрт сөндірушілер отыздан астам ара ұясын өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өскеменде Шиелі көшесінде өрт шыққан. Жеке тұрғын үй шатырының ағаш құрылымдарын, сондай-ақ ферма ғимараты мен шатырдың құрылымдары өртенген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірді.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жанып жатқан үй-жайдан 2 газ баллонды шығарып, 35 ара ұясын (әрқайсысында 30 мың ара) құтқарды. Сөндіруге барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылды. Өрт себебі бойынша – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда жанғыш негіз бойынша төселген электр сымдарының қысқа тұйықталуы болжамы қарастырылуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытында жоюды ұсынады. Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз. Розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз. Кез келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік