23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨскемен қаласында көктем мен жаздың басы дәстүрлі түрде абаттандыру жұмыстарының қызу кезеңімен өтеді. Биыл бұл бағытта орталық көшелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Чехов, Горький және Нұрмағамбетов көшелерінде тас кеспекше төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қалалық мәдениет үйі (филармония) маңындағы аумақта да абаттандыру жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Бұл орын мереке және демалыс күндері тұрғындар жиі келетін сүйікті мекендердің бірі болғандықтан, оның жаңартылуы ерекше маңызға ие.
Қалада гүл отырғызу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Көгалдандыру шаралары орталық көшелермен қатар аулаларды да қамтиды. Биылғы маусымда жалпы 38 жерде абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Қазірдің өзінде соның 10-ында жұмыс басталып, олардың саны күн сайын артып келеді. Мердігер ұйымдар бекітілген кесте мен күндік жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады