12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨскемендегі №1 қалалық соттың ғимаратын тексеру барысында қауіпті заттар табылған жоқ, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін сағат 18:05-те Өскемен қаласындағы №1 қалалық соттың ғимараты миналанған деген хабарлама түскен.
Белгілі болғандай, облыстың мамандандырылған қызметтері нысандарды қарап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - делінген хабарламада.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер