Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨскемен қаласында күн сайын ыстық өткен 1-2 балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмекке баруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Соңғы күндері Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық байқалып отыр. Ауа температурасы күрт ысып, сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтерілді.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы аптаның басынан бері Өскеменде бірнеше бала ыстықтан зардап шеккен. Ал ересектер арасынан дәрігер көмегіне ешкім жүгінбеді.
Қазір қала бойынша күн сайын ыстық өткен 1-2 баланың ата-анасы жедел жәрдем шақыруда. Ал аудандардағы жағдай тұрақты. Ыстық ауа райында бас киімсіз көшеге шықпаңыз. Мүмкіндігінше, сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін күн астында жүру уақытын шектеңіз. Көшеге шығарда ашық түсті киімдерді таңдаңыз. Жиі су ішіп жүріңіз, - дейді облыстықжедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Кекіманова.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер