Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсӨскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар келесі жылға арналған жолдарды жөндеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz Altaynews-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар қала басшысы «100 күнде 10 мың шұңқыр» атты челлендж басталатынын айтып, тұрғындардан белсенділік танытуды сұрады.
Көктем келіп, қар ери бастаған уақытта облыс орталығы тұрғындары қала жолдарында пайда болған шұңқырларға шағымдана бастайды.
Шұңқырлар қаламыздың қатаң да, құбылмалы климаты әсерінен пайда болады. Жылдағы қолайсыз жағдайға арнап 2023 жылдың көктемінде «100 күнде 10 мың шұңқыр» атты челлендж бастаймыз. Қала тұрғындарынан жолдардың сапасына назар аударып, челленджге белсенді қатысуларын сұраймыз. Қатысу үшін, өз көшеңіздегі немесе кездейсоқ көрген шұңқырларды суретке түсіріп, нақты мекенжайымен телеграм-арнасына жіберсеңіз болғаны, - дейді қала басшысы.
Барлық жіберілген өтінімдер пысықталып, кезектілік тәртібімен жүзеге асады. Өтінімдер толқтай жиналғаннан кейін коммуналдық қызметтер барлық белгіленген учаскелерде шұңқырларға жөндеу жүргізе бастайды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды