23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Өскеменде жол ережесін бұзған тұрғын анықталды. Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары ШҚО полиция департаментінің Instagram парақшасындағы direct-ке жолдаған. Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп тудырғанын түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінеді. Полицейлер Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді. ШҚО полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік