13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӨскемен қаласының көшелері жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдарын көрсететін ерекше, бірақ аса маңызды акцияның алаңына айналды: қала тұрғындары эвакуаторларға тиелген, жол-көлік оқиғаларында зақымданған көліктерді көрді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, тәртіп сақшылары тағы да бір рет жүргізушілерге қауіпсіздік туралы еске салып, өз өміріне, жолаушылар мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.
Акция республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұйымдастырылды.
Құқық қорғау органдарының пікірінше, зақымдалған көліктерді көрсету – қоғам назарын аударудың қатаң, бірақ тиімді тәсілі. Себебі жол жүрісі қағидаларын бұзған көлік санаулы секундтар ішінде қауіпсіз құралдан қауіп көзіне айналуы мүмкін, - делінген мәліметте.
ЖПІШ-тің алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша облыс аумағында 17 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды. 171 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталса, оның ішінде 10-ы бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. 500-ден астам көлік пайдаланудан шеттетіліп, 300-ден астамы арнайы тұраққа қойылды.
Аймақтағы жол-көлік оқиғаларының жағдайы алаңдатарлық: жыл басынан бері 459 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 650-ден астам адам жарақат алған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды