23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстанның құтқарушылары демалысы оқыс оқиғасыз өтуі үшін төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрыс дағдыларын және олардың қалай алдын алуға болатынын балаларға үйретті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскеменде ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған қала мектептерінің «Жас құтқарушылар» жасақтары сайысына 150-ден астам бала қатысты. Қатысушылар өртті тез сөндіру, кедергілер жолағынан өту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, қолөнер туындысын ұсынды.
Қиын кезеңдерден өткен соң қорытындылар шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды №20 мектептің құрама командасы, екінші орынды №30 орта мектептің командасы, үшінші орынды №24 мектеп командасы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және кубоктарына ие болды.
Құтқарушылардың балаларды оқытуға деген мұндай тәсілдері әрқашан нәтижесін көрсетеді. Біз көптеген жылдар бойы балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын арттыратын іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Өткізілген жарыстар мықты болуға, командалық рухты шыңдауға, қиындықтарды жеңе білуге көмектеседі», - деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады