Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрме президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл, түркі әлемінің рухани темірқазығы Қожа Ахмет Ясауидің асыл мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрменің басты мақсаты –Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі ілімі мен хикметтерін, Ясауи мектебінің рухани құндылықтарын кеңінен дәріптеу және түркі өркениетінің мәдени мұрасын көпшілік назарына ұсынуды көздейді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, музей мен кітапхана қызметкерлері, жас ғалымдар, студенттер және түркі дүниесінің тарихы мен руханиятына қызығушылық танытқан қалың көрермен қатысты. Сондай-ақ, көрме 2025 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар