Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне тоқтау салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған.
Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.
Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған, - делінген мәліметте.
Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандығын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізілуде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары