29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен қаласындағы мейрамханалардың біріндегі өрт шықты. ШҚО ТЖД мәліметінше, тамақтану орының ас бөлмесінде май қалдықтары жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентттігі.
Өрт 0,2 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда оқиға кезінде мейрамханада қонақтар болмаған. Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Осы ретте ТЖД ескертеді. Егер май жанса:
Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек.
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз. Бұл - қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек