Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Өскемендік полицейлер лото-клубты тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемен қаласы ПБ Ертіс аудандық бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама түскен. Ол түнгі уақытта бейтаныс жігіттің лотерея клубы кассасынан 1,4 млн теңгені ұрлап кеткенін айтқан.
Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел тергеу тобы қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды, алайда толық көлемде емес.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ол 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді