12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыстан болған түтін 6 шілдеде түнгі 23 сағат 08 минутта басталған. Өскемен қаласының Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен ескі заттар жанғаны белгілі болды.
Үйді ащы қою түтін басты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындарды дереу эвакуациялады. Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты, - деп жазылған ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.
Өрт сөндірушілер темір кесетін құралдың көмегімен жертөленің есігін ашып, 3 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, түтінді сыртқа арнайы құрылғымен сорып шығарды.Мұндай қатты түтіннің себебі сөндірілмеген темекі немесе сіріңке түріндегі ашық, төмен калориялы тұтануға айналған.
Аталған оқиғада қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер