Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 маусымда Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өрт болған. Орталықтың қоймасы және ғимарат шатырының ағаш құрылымдары өртенді. Оқиға куәгерлері өз бетімен отты сөндіре бастады.
Бірақ қатты жел қызыл жалынды одан сайын өршіте түсті. Өртті сөндіре алмайтынын білген соң олар кәсіби мамандарды шақырған. Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті.
Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 33 адам және 10 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек