6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨскемен қаласының полицейлері есірткі қабылдап көлік тізгініне отырған зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Гагарин бульвары көшесінде патрульдеу кезінде «Porsche Cayenne» маркалы көлікті байқаған. Жүргізуші жолдағы жолақтан қарсы бағытқа қайта-қайта шығып, жылдамдықты біресе арттырып біресе төмендеткен.
Полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзған көлік жүргізушісін тоқтатты. Сөйлесу кезінде полиция қызметкерлері одан айқын мас күйдегі адамның белгілерін байқаған. Медициналық куәландыру 66 жастағы азаматтың каннабиноидтарды қолданып, есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті, - делінген ақпаратта.
Зейнеткерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі