30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШығыс Қазақстан облысында ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл орталықта балалар өз әлеуетін дамытып, ал ата-аналар қиын өмірлік жағдайларда қолдау ала алады. Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және оңалту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды уақытша орналастыру, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, құқықтық көмек алу мақсатында құрылды.
Ресурстық орталық Өскемен қаласындағы бұрынғы әкімшілік ғимаратында ашылды. Бұл нысан азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер көрсету үшін берілген.
Жаңа орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды қамтуды арттырып, оңалту жағдайларын жақсартуға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
ШҚО бойынша осындай 3615 бала бар, оның ішінде облыс орталығында – 2156. Әлеуметтік төлемдер, арнайы әлеуметтік қызметтер, техникалық оңалту құралдары, үйде оқыту шығындарын өтеу көзделген. Қазіргі таңда 685 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 134 балаға оңалту, білім беру, түзету қызметтері көрсетілуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды