Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен қаласында дүкеннен өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусымда таңғы сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болды.
Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанған. Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. 25 шаршы метр алаңға жайылған тілсіз жау сағат 05.40-те сөндірілді, - делінген ақпаратта.
Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.
Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдығының апаттық жұмыс режимі немесе электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек