Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскеменде Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Орталық «Қазақстан халқына» қорының «Samruk-Kazyna Trust» КҚ және «Қамқорлық» КҚ бірлесіп іске асырып жатқан «Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» бағдарламасы аясында іске қосылады.
Жаңа Орталық топтық және жеке жұмысқа арналған кабинеттермен, тігін, қыш және ағаш ұстасы шеберханаларымен, интерактивті және сенсорлық бөлмелермен, жаттығу залымен және робототехника кабинетімен жабдықталған. Аутизм спектрі бұзылған балалармен АВА-терапия бойынша оқудан өткен мамандар айналысады. Орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы 125 балаға арналған. Барлық сабақтар тегін өтеді.
Биыл тағы 7 қалада - Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарда Аутизмі бар балаларға арналған орталықтар жабдықталады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек