7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Өскеменде полицейлер өзенге ағып кете жаздаған ана мен баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 17 шілде күні сағат 14:20 шамасында «102» жедел арнасына Өскемен қаласының тұрғыны Үлбі өзені маңында танысы кішкентай қызымен бірге суға түскенін және оларды қатты ағыс алып кеткені туралы хабарлаған.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі Олжас Оразов болды. Ол тек жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына хабар беріп қана қоймай, нақты координаттар бойынша оларды бағыттап отырды. Осы үйлесімді іс-қимылдың арқасында оқиға орнына патрульдік полиция батальоны ротасының командирі Мадияр Мұхамеджанов басқарған №9 экипаж шұғыл жетті. Бұл уақытта рациядан хабарды естіген Үлбі полиция бөлімінің криминалдық полиция бастығының орынбасары Сұнғат Сейілжанов та жақын маңда болып, өз бетімен өзенге жеткен. Ол бірінші болып келіп, бірден суға секірді, - делінген мәліметте.
Сол сәтте анасы мен баласын ағыс едәуір қашықтыққа алып кеткен еді, алайда офицер оларға жетіп, судың бетінде ұстап тұра алды. Көп ұзамай қарама-қарсы жағадан жеткен Мұхамеджанов көмекке қосылды. Алайда қатты ағыс салдарынан өз беттерінше жағаға шығу мүмкін болмады. Полицейлер құтқарушылардың қайықпен келуін күтті.
Үйлесімді іс-әрекет пен жедел шешім қабылдаудың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды, - деп қосты тәртіп сақшылары.
Қазіргі уақытта анасы мен қызының өміріне қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?