18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ер адам үйінде гашиш, кептірілген марихуана және қарасора тұқымын сақтаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс полиция бөлімінің полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамның қалтасынан тәртіп сақшылары спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ түріндегі зат оралған 2 қағаз ораманы және трамадолдың 1 пластинкасын тауып алған. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерін мұқият тінту барысында жедел уәкілдер полимер орамалардағы ұнтақ түріндегі заттарды, сондай-ақ өсімдік тектес заттар мен тұқым салынған орамаларды тапқан.
Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберген, оның нәтижесі бойынша күдікті үйде 534 грамнан астам гашиш пен 9 граммға жуық кептірілген марихуананы сақтаған, ал орамдағы тұқымдар қарасора тұқымдас өсімдіктің жемісі болып шыққан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіні үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр