Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру кезінде ер адамнан бірқатар діни сипаты бар дүниелер табылған. Соған сәйкес оған, 200 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ер адамның ұялы телефонынан діни сипаттағы аудиоқосымша да табылды. Айыпталушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) кінәлі деп танылды. Тәртіп бұзушыға 241 500 теңге айыппұл салынды, - деп жазылған сот хабарламасында.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары