Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӨскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 желтоқсанда сағат 17:13-те “102” жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті.
Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, іргелес аумақтар:аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мұқият тексерілді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды.
– 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.
Табылған баланың анасы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?