Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыӨскемен-Алматы пойызында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі мәліметінше, 1 тамызда Сарыөзек станциясында №351 пойызына 74 жастағы ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырылған.
Жолаушы әйелімен Жаңғыз-төбе станциясынан Алматыға шыққан. Ер адам демікпеге шалдыққан және арнайы ем қабылдап жүрген.
Пойыз жолсеріктері жолаушылар және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын растады.
Қонаев станциясындағы полицияның желілік бөлімінде Өскемен-Алматы жолаушылар пойызында кенеттен адам қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?