23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Телдебатқа 63 млн теңге қаражат бөлінді. Дебат бойынша регламент құқықтық акті бойынша белгіленген. Бұл дебат тек партиялық тізім бойынша қатысып жатқан кандидаттарға ғана қатысты. Бір мандаттық депуттарға қатысы жоқ .
«ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлауға тіркелген партиялардың пікірсайыстарын ОСК ұйымдастырады. ОСК пікірсайысты өткізу бойынша қағидалары мен шарттарын бекітті. ОСК пікірсайыс өткізу күнін, уақытын жазбаша хабарлайды. Пікірсайыстарды ұйымдастыру бойынша ОСК Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кеңес өткізді. Телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, аудиторияны қамту ауқымы маңызды болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Хабар» телеарнасын ұсынды», - деді Анастасия Щегорцова.
Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады