Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2022 жылғы 7-9 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық 239 аумақтық сайлау комиссияларының басшылық құрамына арналған үшкүндік республикалық семинар өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семинарға 300-ге жуық адамдар қатысады. Негізгі спикерлер ретінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сөз сөйлейді.
Семинардың мақсаты: сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесі бойынша теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.
Семинар барысында бірнеше оқу блоктары қарастырылған: 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының жұмысының қорытындылары; сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, әсіресе аралас және мажоритарлық сайлау жүйелерінің енгізілуін, әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды сайлауды байқау үшін аккредиттеу, сондай-ақ сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру. Бұдан басқа семинарда коммуникациялық әдістер мен сайлау комиссиялары мүшелерінің саяси партиялармен, масс-медиа өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да сайлау процесінің қатысушыларымен өзара қарым-қатынас машықтарын дамыту бойынша тренингтер өткізіледі.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?