Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҮкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.
Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Сондай-ақ комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.
– Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді