Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіІшкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығу нұсқаларын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.
Тергеу жүріп жатыр, өртті қасақана қойды деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылықтың, найзағай түсудің нұсқасы бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді, - деді Марат Ахметжанов.
Сонымен қатар ол «Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме?» деген сұраққа да жауап берді.
Президент бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі - бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақтылы шара қолданбады? Немқұрайлылық та шығар. Қызметтік міндеттерін орындамау, - деді министр.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?