Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорған қаласы полиция басқармасы патрульдік полициясының қызмет инспекторлары Данияр Базарбаев пен Диас Омаров батыл әрекеттері үшін ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2023 жылдың 2 қазанында түнгі сағат 4:00 шамасында Талдықорған қаласында болды. Дүкен өртеніп жатты. Әріптесім екеуміз патрульдеу барысында байқап, оқиға орнына келсек, ешкім жоқ екен. Алдымен эвакуация жасауға кірістік, – деді Данияр Базарбаев.
Бірінші қабаттағы жалынды көрген тәртіп сақшылары ғимараттың екінші қабатына шыққан.
Ұйқыда жатқан азаматтарды оятып, үй ішінен бір үлкен кісі мен жас қызды алып шықтық. Тінту барысында үйде екі газ баллон бар екенін байқадық. Оны да тез арада алып шықтық, – деді Диас Омаров.
Қайғылы жағдайдың алдын алған полицейлер өрт сөндірушілерді шақырған.Қорқыныш болды. Қорқыныш болғанымен, адамдарды құтқару бірінші мақсатымыз болды. Ішкі істер органдарында тоғыз жылдан бері қызмет атқарып келемін, – деді Данияр Базарбаев.
Оның әріптесі Диастың полицияда қызмет еткеніне сегіз жыл болған.
Полицей болу – менің бала күндегі арманым. Өзімнің әкем де осы салада қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Кішкентай кезімнен әкеме қарап қызығатынмын. Сол арманыммен осы жұмысқа келдім, – деді Диас Омаров.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?