23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ТЖМ құтқарушылары өртеніп жатқан ғимараттан отбасыны эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, Қарағанды облысының Шет ауданында екі қабатты киім дүкенінде өрт оқиғасы тіркелді. Ғимарат ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық заттар отқа оранып, қатты түтіндеді.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшесінің қызметкерлері үш адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Белгілі болғандай, отбасы дүкен ішінде түнеп қалған.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, кәсіпкердің мүлкін сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі және отбасының әкесі құтқарушыларға #алғысын білдірді, - делінген мәліметте.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік