6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада Қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының қолдауымен өткен турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Қорғаныс министрінің кубогы үшін тартысты сайысқа бұл жолы елдегі күштік құрылымдардан 15 команда құрамында 160-тан аса спортшысы қатысып, бақ сынасқан.
Жарыс қорытындысы бойынша қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының командасы үздік деп танылса, екінші орын Ішкі істер министрлігінің өкілдеріне, ал үшінші орын Қорғаныс министрлігінің спортшыларына бұйырды.
Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қорғаныс министрінің атынан кубоктар алып, ал сайыс чемпиондары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Біліктілік нормативтеріне сәйкес жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілетін болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі