Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматыдағы мемлекеттік орталық музейде «Бір шаңырақ астында» халықтық-қолөнер көрмесі өтті. Көрме барысында келушілер назарына түрлі этнос өкілдерінің жәдігерлері ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, музейде XVII-XVIII ғасырларда қазақ еліне қоныс аударған 16 түрлі этнос өкілдерінің жәдігері жинақталған.
Қазақстанға әуелі Ресейден, Беларусьтен, Украинадан шаруалар қоныс аударған. Ал XIX ғасырда Қытайдан ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аудара бастады. ХХ ғасырда социалистік революциялар, ұжымдастыру, халықтарды жаппай депортациялау мен қуғын-сүргін және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халық көші арта түсті.
Көрмеге «Ватандаш» қырым татарларының мәдени орталығы, Қазақстандағы ұйғырлар республикалық этно-мәдени орталығы, Қазақстандағы күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы, «Ренессанс» Алматы мәдени-этникалық қоғамы, «Вензь» поляк мәдениетінің орталығы, Алматы облысының «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі және «Вошал» ингуш этно-мәдени орталығының өкілдері қатысты.
Шараға жиналған өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларына пана болып, есігін айқара ашқан, бір үзім нанды бөліп жеген және бүгінгі күні әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеуіне мүмкіндік беріп отырған қазақ еліне шексіз алғысын білдірді.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова