Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Алып шаһарды енді тек Көктөбеден ғана емес, жақында ғана іске қосылған Орта Азия құрлығындағы ең биік әткеншектен де тамашалауға болады. Мега ойын-сауық орталығының қасынан бой көтерген бұл аттракционның биіктігі 60 метрді құрайды.
Ал адамдарды отырғызуға арналған орын саны 208. Жаңа нысанның әрбір кабиналарында Алматы қаласының көрнекті жерлері жайлы үш тілде ақпарат беретін аудиогид орнатылған. Дөңгелекті безендіру мақсатында жарықдиодты шырақтар қолданылған екен. Олар күндіз-түні жарқырап, алып нысанның көркін еселеуде.
Бүгінде әткеншек саябақтарда емес, қала ландшафтына үйлестіре орналастыру – урбанизацияның заманауи бағытына айналды. Бұл ірі мегаполиспен танысуға келген туристердің қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Аталмыш жобаға тартылған инвестиция құны 1,6 млрд теңгені құрайды. Ал өзін-өзі ақтау мерзімі шамамен бес-алты жыл деген болжам бар. Салмағы 360 тонналық дөңгелектің фундаментін құю үшін 857 тонна бетон қажет болды. Жаңа нысан барлық техникалық талаптарға сай тұрғызылып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ал дөңгелекке отырып ең алғаш айналып шыққан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болды. Қала көркіне биіктен сұқтанып, Іле Алатауының баурайындағы әсем табиғатты тамашалағысы келетіндер әрине көп. Онсыз да халқы үзілмейтін бұл ойын-сауық орталығының алдында енді жұрттың қарасы тіптен көбейетін болады. Сондықтан да, құс қанатында отырып, көкте қалықтағандай ерекше әсер алғыңыз келсе 1200 теңгеңізді қиып, 16 минут саяхаттап келуіңізге болады.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай