Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Орталық Азиядағы медиа форумда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Орталық Азия медиа форумы осы өлкедегі мемлекеттердің жан-жақты ықпалдастығы, бауырлас халықтардың бай тарихы мен рухани мұрасына негізделген. Биыл ағайын елдердің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 30 жыл толып отыр. ХХІ ғасырда Орталық Азияның бірлесе дамуын көздейтін достық, тату, көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімін осы мерейлі жылда басталуының зор символдық мәні бар. Стратегиялық құжат біздің жан-жақты серіктестігімізді дамытуға тың серпін береді деп сенемін.
Менің одақтас мемлекеттер басшыларының төртінші консультативті кездесуінде біздің елдеріміз туралы хабар тарататын ортақ телеарна ашуды немесе арнайы сайт құруды ұсынғанымды білесіздер. Бүгінгі форумда бұл мәселе жеке талқыланады. Бүгінгі ақпараттық кеңістікпен шектеліп қалмауымыз керек. Медиа арқылы ортақ құндылықтарды халықаралық деңгейде дәріптеу аса маңызды. Солардың бірі Орта Азия елдерінің жасампаз идеялары мен жарқын істерін жер жүзіне танытамыз. Бүгінгі алқалы жиын мазмұнды және мағыналы өтеді деп сенеміз», деп Президент сөзінде айтқан.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар