23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ТЖМ өрт сөндірушілері Семей қаласында жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кешкі уақытта Семей қаласының жедел басқару орталығының пультіне Қ.Сәтбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына дереу жетіп, төрт пәтерлі үйдің бірінде кіреберіс топтың, терезелер мен есіктердің, сондай-ақ жиһаздар мен жеке заттардың жанғанын анықтады. Мамандар өрттің көрші пәтерлер мен басқа аумақтарға таралуына жол бермей, оны өршу сатысында сөндіре алды.
Өрт сөндірушілер тек өртті сөндіріп қана қоймай, жану аймағында болған газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупін болдырмады. Баллон жоғары температураның әсерінен жарылу қаупін төндірген болатын.
Өрт салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Бұл оқиға өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен батылдығының тағы бір дәлелі болды. Олар дер кезінде әрекет етіп, ықтимал жарылыстың және одан туындауы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алып отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік