Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше сағат 15:19-да Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң «Petro Export» ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады.
Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС барлығы 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 16:38-де оқшауланып, сағат 17:41-де сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді