6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысында «38» көркем фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, картина өткен жылғы питчингтің жеңімпазы атанды.
«38» – қазақ кинематографиясы тарихындағы орманшыларға арналған тұңғыш фильм. Лента табиғатқа жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау, орманшылардың еңбегі секілді мәселелерді ашып көрсетеді, - делінген мәліметте.
Түсірілім процесі Абай облысының көрікті аймақтарында өтті. Қоюшы режиссер Төребек Бейсебаевтың айтуынша, өрт сөндіру техникасымен жұмыс істеу түсірілімнің техникалық тұрғыдан ең күрделі кезеңі болды.
Сценарий авторлары – Нұржігіт Хайдаров пен Мақсат Жұмаханов, қоюшы оператор – Асылхан Медәлбеков, қоюшы суретші - Олжас Әлменов, продюсер – Нұржігіт Хайдаров.
Түсірілімге Алмат Сақатов, Асан Мәжит , Алтынай Нөгербек сияқты танымал актерлер қатысты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі