Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОрман шаруашылығы күніне орай «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бесқарағай ауданына қарасты Мостик ауылында өткен спорттық шараға резерваттың шамамен 200 қызметкері қатысты. Олар филиал директорлары, орынбасарлао, орманшылар, орманшылардың көмекшілері, шеберлер, мемлекеттік инспекторлар, өрт-химиялық станциялардың қызметкерлері, орман қорғау және қорғау инженерлері, орманды қалпына келтіру инженерлері, өрт және патрульдік көліктердің жүргізушілері, трактористер, операторлар, өрт мұнараларының бақылаушылары және тағы да басқа қызметкерлер.
Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда таланттарын, күштері мен төзімділіктерін көрсете білді.
Спорттық жарыстарға қатысу мінезді шыңдап қана қоймай, командалық рухты көтеріп және нәтижеге жету үшін күресуге дайындығыңды арттырады. Спартакиаданың арқасында біз бірге ұмытылмас әсерлерге бөленеміз, белсенді демалып, күш жинаймыз және спорттық дәстүрлерді нығайтамыз, – деді резерваттың атқарушы директорының міндетін атқарушы Әнуарбек Бермағамбетов.
Туризм және рекреация бөлімінің басшысы, жарыстың бас төрешісі Каусар Рамазанов пен командалардың капитандары жарысқа дайындықтарын растағаннан кейін жарыс ресми түрде басталды. Он филиалдан құралған он футбол командасы, арқан тарту, бөрене кесу және бұтау, өрт сөндірушінің арнайы киімін кию және жауынгерлік дайындық бойынша жарыстарға өз қатысушыларын шығарды. Негізгі жарыстардан бөлек, гір тасын көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ және қол күресі сайыстары өтті.
Облыс әкімдігі қалың бөренелерді кесу көпшіліктің қызығушылығын тудырған ерекше тапсырма болғанын атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды – «Семей» командалары иеленді. Жарыста бірінші орын алған жеңімпаздарға демеуші есебінен құнды сыйлықтар табысталды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?