23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкенттің «Ордабасы» клубының Конференция лигасы іріктеуінің екінші раундында Варшаваның «Легия» клубымен ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Александр Седнев шәкірттері алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді. Ал қарымта матч Польшада өтеді. Ойындар 27 шілде мен 3 тамызға жоспарланған.
Ал «Ақтөбе» Конференция лигасында «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) – «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұптарының жеңімпазымен кездеседі. Бірінші матч Ақтөбеде өтеді. Екінші тур ойындары 27 шілде мен 3 тамызда өтеді.
Сонымен қатар 2023/24 маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеуінің екінші раундындағы «Астана» клубының болжамды қарсыласы анықталды.
Егер елорда клубы бірінші раундта Тбилисидің «Динамо» (Грузия) командасын жеңсе, келесі кезеңде Заргебтің «Динамосымен» (Хорватия) ойнайды.
Алғашқы іріктеу раундының бірінші ойыны 11/12 шілдеде, қарымта матч 18/19 шілдеде өтеді. Бірінші матч Қазақстанда, екіншісі Грузияда өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік