Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы айттан кейін ұсталатын оразаға қатысты желіде пікірталас тудырған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дін өкілі желіде Ораза айттан кейін "қаза оразаны ұстаймын ба, әлде бір жылдық ораза ұстағанмен тең Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаймын ба" деген қызу пікірталасқа нүкте қойды.
Нұрлан имамның айтуынша, Ораза айт - бір күн, ал Құрбан айт - үш күн атап өтіледі.
Рамазан айының өзі және оның кәффараты мен қазасы да парыз болып есептеледі, яғни, Құрандағы құдайдың бұйрығы. Қазір біз сауабы 360 күнге тең деген нәпіл оразаны дәріптегеніміз соншалық, Рамазан айының қадірін төмен түсіріп жатырмыз, қарызымен қосып. Оны кейін ұстаймын деген болмайды. Бірінші қарыздан құтылыңыз, қанша күн қарызыңыз бар, соны өтеңіз. Ал Шәууәл айы бір айға созылады. Нәпіл ораза – сауап, бірақ міндет емес, қосымша, таласатын дүние емес. Екеуіне бір ниет қылмайды, екеуі жеке-жеке құлшылық. Рамазанның қарызы мойныңда тұрған кезде нәпілді ұстау сәл қиыспайтын дүние. Өйткені қарыз үшін сұраласыз, ал нәпіл үшін сұралмаймыз. Бұл сауапты амалдың бірі, ұстасаңыз – сауап, ұстамасыңыз – сұрағы жоқ. Сондықтан сұрағы бар бар нәрсеге ұмтылуға шақырамын, - деді имам.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары