22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖиырма жыл уақыт бойы жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Музей-үй осы уақытқа дейін жазушының қарындасы Ғалия Бөкейдің меншігінде еді.
Аудан әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, енді үйдің іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал мұражайдың алдына жазушының жаңа мүсіні қойылады.
Айта кетсек, биыл жазушының туғанына 80 жыл.
Оралхан Бөкейдің қарашаңырағы бұған дейін де музей ретінде ашылған еді. Алайда көпшілікке белгісіз себептерге қатысты жабылып қалған-ды.
«Нысанды «Катонқарағайды тұрақты дамыту қоры» сатып алды. Демек, қазір музей-үй сол қордың балансында тұр. Қор сол үшін 10 млн теңге төлеп, сатып алды. Ақпан айында үй иесі келіп, кілтті табыстады. Келісімшарт жасалып, нотариус бекітті. Енді үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Ауласын, үйдің ішін, бәрін қалпына келтіру керек. Одан кейін жоспар бойынша облыстық өлкетану музейінің бір филиалы болып ашылады. Яғни, толықтай мемлекет меншігіне беріледі. Ол үшін музей қорында мыңнан астам дерек болу керек деген сияқты талаптары бар екен. Қазір соның бәрі жинастырылып жатыр. Осы жұмыстың бәрі ойдағыдай бітсе, мамыр айына қарай нысан келушілерге есігін ашатын шығар», - деді аудан әкімі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев