Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек15 қыркүйек Астана қаласында жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мерейтой Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасында Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен ашылады. Ол 15 қыркүйек күні сағат 15.00-ге жоспарланған. Дәл осы күні Ұлттық кітапхананың Конституция залында жазушының 80 жылдығына орай мерейтойлық конференция ұйымдастырылады.
Ұлттық кітапхана
Филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахманов жүргізетін конференцияға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұлмен қатар, Төлен Әбдікұлы, Тұрсын Жұртбай, Асқар Алтай, Алдан Смайыл, Роза Мұқанова, Жарылғап Бейсенбай, Айгүл Кемелбаева, Қуаныш Жиенбай, Сұраған Рахметұлы бастаған бірнеше зиялы қауым өкілі қатысады.
Ғылыми конференция соңында «Шолпандай таң алдында туып – батты» кітабының тұсаукесері болады.
Айта кетерлігі, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жазушының туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданынан басталды. Мерейтойды республикалық көлемде атап өту Ауылдық аймақты тұрақты дамыту қорының ұйытқы болуымен өтіп жатыр. Іс-шаралар легі 28-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?